Aнама үлкен алғыс айтқым келеді. Мен негізі тактильный адам емеспін. Өзімнің жақсы көретінімді сөздермен де, прикосновениемен де көрсете алмаймын. Сол себепті, анама да өзімнің жақсы көретінімді осыдан 2 жыл бұрын ғана айтыппын. Бала кезімнен ақша жағынан көп тапшылық көріп өстік. Бірақ отбасымыз айрандай ұйыған отбасы еді. Үнемі күліп-ойнап, бір бірімізге силық жасап, бір дастархан басына жиналатынбыз. Мен үйдің ең кенжесі болғандықтан мен ондай басқосуларды тек кішкентайымда ғана көрдім, сезіндім. Кейіннен мен есейгенде, отбасымызда араздасу, кикілжіңдер көбейіп, барлығы бытырап, жан-жаққа шашырап кетті. Егер шынымды айтсам, мен үшін отбасы ең алғашқы орында тұратын, алтын әріптермен жазылатын құндылық. Әкеме ренішім көп. Менің ең үлкен арманым - отбасымның басын қосу. Тағы да жақсы отбасы болу. Бір дастархан басында жиналып, бір бірімізге ешқандай артық ойсыз әзілдер айтып, қуанышымызды бөлісу. Қазіргі уақытта бұл өөөте қиын. Барлығының өз жұмысы, өз отбасы бар. Кейбіреулері мүлде үйге келгісі келмейді. Бұл болып жатқан мәселелер анама қаатты батады, білем. Бірақ соған қарамастан, мені өсіріп, осы күнге жеткізгені үшін, қиналғанын көрсетпегені үшін, анама алғысым шексіз. Қазір ойланып қарасам, анамның кешкен бейнетінің 1 пайызын да мен көтере алмайды екенмін Отбасыларыңыз әлі күнге дейін бір дастархан басына жиналып, үйлеріңізден әлі күнге дейін қонақ арылмайтын болса - қуаныңыз! Сіз бақытты адамсыз.