Өзімнің ұнатқан адамым туралы айтып бермекшімін. Мен ол адаммен 2020 да карантин кезінде осы группадағы интерактив арқылы таныстым, ол маған өзі бірінші жазған болатын. Сосын сөйлесе бастадық, уақыт өткен сайын түрлі тақырыптарды тілге тиек етіп әңгімеміз қыза түсетін. Солай уақыт зырғып өте берді, біз әңгімеміз жарасып сөйлесіп жүре бердік, бірақ ешқашан ұрысқан емеспіз. Әсіресе діни бағытта және қазір қоғамда орын алып жатқан жайттар хақында көп сөйлесетінбіз, бір бірімізге сұрақ қойып ақылдасып дегендей. Біз осылай үш жыл сөйлестік, мен оған Құран оқуды онлайн үйреткем, бірақ өмірде кездеспедік, екеуміз екі қалада тұрдық. Десе де мен оны көру үшін оның қаласына баруға ниеттенгем. Осы жылы ұнататынымды да айтқам, ол да мені ұнататынын айтты. Енді үйленсем деген ниетім болғанда рамазан айы келді, рамазан кезінде неге екенін білмеймін сирек сөйлесіп кеттік. Ал рамазаннан кейін ол маған араласуды тоқтатайық деді. Себебін сұрағанымда ақыры айтпай қойды. Егер менің тарапымнан қателік кеткен болса кешірім сұраймын, айтқым келгені сол қызға шын жүрегіммен риясыз ғашық болып Алла разылығы үшін жақсы көріп едім, осы қыз әйелім болса балаларыма дұрыс тәрбие беріп бірге жұмаққа кіруімізге себепші болады деп армандайтынмын. Егер сен осы постты оқып отырсаң авторы кім екенін түсінерсің, мен сені ұмытпадым, саған ренжіп жек көрмедім. Тек сол сенімен сөйлесіп өзімді бақытты сезінген сәттер үшін рахмет айтқым келеді.