Бір апта бұрын жұмыспен Италияда, Милан қаласында болдым, шет елге бірінші рет шығуым болды. Жұмыстан бос уақытымда қаланы көріп, әріптесімізбен араладық. Қала ұнады, тамақтары да дәмді екен, бірақ жергілікті тұрғындары (бәрі емес әрине) көбісі кәрістерге немесе қытайға ұқсатып, сөз арасында мазақ қылғаны ма әлде қалжыңдағаны ма қытайша сөйлегендей болып, өтірік сөздер айтып күліп кететіндер кездесті. Басында әріптесім екеуміз мән бермеуге тырыстық, бірақ бір емес бірнеше рет болған соң өте ыңғайсыз екен. Басында біз Қазақстаннанбыз Қазақпыз деп ақталатынбыз, кейін көбісі Қазақстан деген елдің Қ деген әрпінде білмеген соң еңсеміз түсе бастады, ақталмайтын болдық. Миландағы болған 2 апта уақытымзда, бір мейрімді итальяндықпен таныстық. Ол да басында Корея елінен деп ойлапты, Қазақстанды білмейді екен. Әңгімеміз жарасып еліміз туралы айтып бердім, Қазақстанның ең әдемі жерлерін суреттен көрсеттім. Ол таң қалғанынан: «Қазақстанның бар екенін, осындай әдемі ел, жер жәннаты оған қоса адамдары да мейрімді екенін білмегенім ай, өте өкініштісі мынандай әдемілікте мен ғана емес қаншама адам білмейді ғой» деген болатын. Міндетті түрде жолым түсіп жатса Қазақстанға келемін деп қайырды. Меннен Миланда не ұнағанын, не ұнамағанында сұрап қойды арасында. Мен өз кезегімде: «Бәрі ұнады, бірақ бір ғана нюанс жаңағы басқа ұлт өкілдерімен шатастыратыны» деп едім. Ол итальяндық атам: «Негізі Қазақстан сияқты көркем ел, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты елдерге қарағанда экономикасы әлдеқайда дамыған, атақты ел болса бәріде керісінше болар ма еді» деп жақсы ниетпен күлді. Мына сөздер есімде жатталып қалғаны сонша, ойланып кеттім. Осы сөздерді ұшаққа отырған соң да, елге қайтқанда да көп ойладым. Осы әңгімеден түйгенім: Расыменде ғой, ойлап көріңіздерші егерде Еліміз Қытай, Корей елдеріне қарағанда дамыған болса, экономикамыз, ЖІӨ мықты болса қазір біздерді қытайлықтармен емес, керісінше оларды қазақтармен шатастырушы ма еді.. Елім үшін ішім ашитын нәрсе, сонша мүмкіндігіміз, байлығымыз бола тұра алдыға емес артқа кетіп бара жатқанымыз. Жер жәннатынан жастарымыздың шет елге қашуы, елімізде болашақ жоқ деп ойлауы.. Шешілуі қиын бір ақ мәселе бар, оны бәрімізде ішімізден білеміз ғой, алайда бәрі де өз қолымызда!