2014жыл, менің туған күнім. Ол кезде 13те едім. Үйде мама екеуміз ғана отырмыз. Бір кезде папа келді. Көп ішіп қойған. Мама екеуінің ұрысы басталды. Мен қараңғы бөлмеде, мені құттықтап қоңырау шалып жатқан адамдарға рахмет айтудамын. Дауысым дірілдеп, көзімнен жас ағып, сондада білдіртпеуге тырысамын. Бір кезде папа ұрып бастады. Сосын екеуі екі бөлмеге кетіп, есіктің алдында папаны жібермей, жылап мен тұрдым. Бір кезде мамам ағасын шақырып, папаны қорқытпақшы болды. Ағам келді. Тағы ұрыс, айқай, төбелес. Мен асханада тығылып отырмын. Бір кезде мама келіп, жиналып кету керектігін айтты. Мен болсам, жылап, қалуымызды өтіндім. Бірақ соңында бәрібір ағам мамам екеумізді алып кетті. Содан қайтып, ауылға бармадық. Қазір универ бітіріп жатырмын. Әлі күнге дейін сол күні кетпей, ауылда қалғанда не боларын ойлаймын. Және сол вариант маған күштірек көрінеді. Папамды қатты сағындым. Сол күні менің туған күнім болмағанда, мен оларды татуластыра алғанда, ағама кетпейміз деп айта алғанда бәрі басқаша боларма еді.